№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында 21 қаңтарда «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс қоғамдық қабылдау форматында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат: Мұғаліммен ата-ана арасындағы байланысты орнату,баласының оқуындағы жетіспейтін тұстары туралы пікірлесу. Сынып жетекшілер бірінші ата-аналарды өздері қабылдап, пән мұғалімдеріне жолықты.
Күн тәртібінде: тоқсан қорытындысы,оқушылар арасында белең алып жатқан түрлі ойындардың кеселі туралы,жасырын аккаунт ашып,жеке басқа тіл тигізу оқиғалары,мұз,жол қауіпсіздік ережесін сақтау.
Шараға ата-аналар белсене қатысты.