15 желтоқсанда мектебемізде "Желтоқсан ызғары - жүрегімізде із қалдырды" атты желтоқсан құрбандарын еске алу лездемесі бастауыш және жоғары сыныптарының қатысуымен өтті. Лездемеде оқушылар желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздігі жолында құрбан болған қазақ жастарына арналып көрме жасалынды.