Меню

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары»

30 қарашада «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің семинары өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор нәтиже көрсетті. Өткізілген ашық сабақтарда оқушылар күнделікті шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға дағдыланғандығын байқадық. Пән мұғалімдері оқытудың жаңаша инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша және оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған тың идеяларымен, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға  қатысушылар пәнді оқытудағы өзекті мәселелерге арналған тақырыптық семинарда пікір алмасып, барлық педагогтер үшін озық тәжірибе алмасу алаңы болғанын айтты.

1
2
3
4
5
6
7
8
ҚР, Атырау қ., ықш. Авангард-2, 19А
8 (7122) 20-06-89
Дизайн және әзірлеу
SemStar