"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында биылғы оқу жылында мектебіміздің кітапханасы "Фолиант", "Мазмұндама", "Макмилан", "Экспресс Павлишин", "Охсфорд" баспаларынан шыққан көркем әдебиетпен толықты. Осы жаңа кітаппен таныстыру үшін "Кітап-білім кілті" атты тақырыпта 1-4 сынып оқушыларына арнап "Фолиант" баспасынан келген "Ертегілер әлемінде" атты айдарымен жас жеткіншектерді ертегі кітаптармен таныстырылым өтті. Мақсаты: жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегі елінің кейіпкерлері арқылы балаларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге үйрету.