Меню

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

2022- 2023 оқу жылының  21-26 қараша аралығында «Ұлы Даламызда ұлттық сөздің туын көтерген тұлғалар жылы» атты тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы өтуде. 21 қараша күні оқушыларға ұстаздар қазақ тілі мен әдебиеті апталығының басталғаны хабарланып, оқушылар жұмыс жоспарымен таныстырылып, ашылу салтанаты болды.

Бұл апталық қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің мерейтойына арналды. Оқушыларға ана тіліміздің мәртебесін көтеретін болашақ жастар екенін айтып, оқушыларды сауатты, саламатты азамат болып қалыптасуы үшін ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың маңызды екенін бірлестік жетекшісі Б.С. Қыдырова түсіндірді.

Ұлы тұлғалар туралы мәліметтер берілді. Мектептің 2-қабаттағы дәлізіне апталық туралы мәлімет, жоспар жазылған тақта, Ұлы тұлғалар суреттері қойылды. Тәрбиелік іс-шараларға  пән мұғалімдері, мектеп оқушылары  белсене қатысты.

1
2
3
4
5
ҚР, Атырау қ., ықш. Авангард-2, 19А
8 (7122) 20-06-89
Дизайн және әзірлеу
SemStar