Мектебімізде «Апаттық жағдай кезінде эвакуациялау» бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Оқу-жаттығу жұмыстарының мақсаты оқушыларға апат бола қалған жағдайда алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету. Оқушыларға оқу-жаттығу барысында зардап шеккендерге алғашқы көмек берудің әдістерін көрсетті. Алғашқы әскери дайындық жетекшісі оқушыларға апаттық жағдайда нені білу керек, қалай әрекет еткен жөн, өзін-өзі ұстау туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті және төтенше жағдайдағы негізгі ережелермен таныстырды.