Мектебімізде 18-20 қазан аралығында 1-11 сынып ата-аналарына арналған жалпы жиналыс өткізілді.
Мектеп директоры Б.Гапуова жиналыстың мақсатын айтып, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында қандай жұмыстар атқарылуда екендігіне шолу жасады. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептегі үйірме жұмыстары жөнінде М. Рыскалиева айтып өтті.
Мектеп медбикесі электронды темекі және зиянды әдеттердің зардабы туралы кеңінен түсінік берді. Мектеп психологтары М. Асанова мен А. Қойшыбай «Кибербуллинг, буллинг» туралы және учаскелік инспектор М. Қуанышқызы құқық бұзған жағдайда тартылатын жауапкершіліктер туралы түсінік берді.
https://www.facebook.com/100041354828266/videos/5066441596790879/