№1 Қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ халқының мемлекет қайраткері, педагог, аудармашы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту аясында «Сөз құдіретінің данасы» атты брейн-ринг өткізілді.
5 кезеңнен тұрған сайысқа мектебімізден 9-сыныптар арасынан 2- топ қатысып өздерінің бақтарын сынап, 1- орынды» 9 «Ә» сыныбынан құралған «Қыран» тобы қанжығасына байлап қайтты.Жеңімпаздарға диплом мен кубок табысталды. «Үздік ойыншы» атағын 9 «А» сынып оқушысы Алтай Мирас иеленді.