Меню

«Ерте жүктіліктің алдын алу»

№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп гимназиясында 2022 жылы қыркүйектің 22-і күні мектеп әкімшілігі және «Жауқазын» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып қыздарына қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында қыздардың жеке гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу туралы, жасөспірім қыздарды толғандыратын сұрақтары аясында  маман кеңесі тыңдалды. Мектеп психологы М. Асанова психологиялық қолдау қажет болған жағдайда сенім телефоны арқылы немесе жекелей келіп көмек алуға болатындығын қаперге берді. 
Жиналыс соңында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. 

Қатысқандар:

1. №1 қалалық емхана гинеколог-дәрігері Амангүл Мәлікқызы
2. Мектеп психологы Майра Әділханқызы мен Айкөркем Қойшыбай
3. Мектеп медбикесі Уразгалиева Алия
4. «Жауқазын» қыздар ұйымының жетекшісі Дабысова Гүлмира
5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Бақтығалиқызы мен Гульнара Темірболатқызы

1
2
3
4
ҚР, Атырау қ., ықш. Авангард-2, 19А
8 (7122) 20-06-89
Дизайн және әзірлеу
SemStar