№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек білім күні «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыбымен өтті. Мектеп басшысы Бибігүл Бақтығалиқызы ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады.
Білім күні алғашқы сабақта білім алушыларға құндылықтар жөнінде, отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтары туралы ақпарат берілді. Рәмізге құрмет көрсетілді.