Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген жаңа арнайы «Құқықтық мәдениет» жобасын іске асыру бағытында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбындағы Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған апталық өткізілді. Апталық жоспарына сай бастауыш сынып оқушыларына мектеп инспекторының қатысуымен «Өмір қауіпсіздігі және көшеде жүру тәртібі», «Өз құқыңды білесің бе?» тақырыптарында әңгімелесу сағаты өткізілді.
1-7 сынып оқушыларының арасында «Менің құқығым», «Бақытты балалық шақ» тақырыптарында сурет байқауы «Жас Ұлан» ұйымның жетекшілігімен өткізілді. Жоспарға сай сыныптарда Отбасы күніне орай мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында «Бақытты отбасым» тақырыбында асфальтта сурет салу ұйымдастырылды.