Меню

Мектеп ережесі

Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым
министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 26 бұйрығы негізінде және

№19 Қ.Сәтпаев мектеп-гимназиясы
№1 Педагогикалық кеңесінің шешімімен
бекітілді

Мектеп ережесі

1. Мектеп міндеті:

  • Қ.Р. «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің  2016 жылғы «14» қаңтардағы   № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарын басшылыққа алып   және Атырау облыстық Білім беру басқармасының 2018 жыл 25 сәуір күнгі  Атырау облысы мектептері білім алушыларының бірыңғай мектеп формасының үлгісін анықтау конкурысының қорытындылау туралы қазылар алқасы отырысының  № 1 хаттамасын басшылыққа ала отырып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекітуге;
  • Оқушылардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапалы жалпы орта (негізгі) білім алуына жағдай жасау;
  • Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік ортаны қамтмасыз ету туралы Ережені басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізу;
  • Мектеп территориясы мен ғимаратына бөгде адамдардың кіруін болдырмау және рұқсатсыз енуінің алдын алу үшін  рұқсатнама қағазы арқылы кіруін және  арнайы журналға тіркелу тәртібін енгізу;
  • Мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) мектеп жарғысына сәйкес бекітуге:

А) Ұл балалар үшін: қою көк. Үсті: негізгісі - жилет (күннің суық мезгілінде - пиджак, трикотаж жилет)  Асты: классикалық үлгідегі шалбар (ұзындығы - тобықты жауып тұрады, қысқа балақ шалбар киюуге тиым салынады);

Ә) Қыз балалар үшін: қою көк. Үсті: негізгісі - жилет (күннің суықты мезгілінде - пиджак, трикотаж жилет), Асты: үлгісі таңдауы бойынша етек (ұзындығы – тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы керек ). Жилеттің кеуде ойығы кішкентай болуы тиіс.

  • Жеке тұлғаның жан-жақты рухани дамуына жағдай туғызуға;
  • Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақытылы берілуін қамтамасыз ету;
  • Қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;

2. Ата-ана міндеті:

2.1. Ата-аналар кеңесі арқылы мектеп әкімшілігі мен педагогтермен ынтымақтастықта жұмыс жасауға және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;

2.2. Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің  2016 жылғы «14» қаңтардағы   № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына     қойылатын талаптарын басшылыққа алып   және Атырау облыстық Білім беру басқармасының  2018 жыл 25 сәуір күнгі  Атырау облысы мектептері білім алушыларының бірыңғай мектеп  формасына  қойылған талаптарын, мектеп Жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының  біріңғай  киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауына жауапкершілік алуға;

(Ұл балалар үшін: түсі: қою көк. Үсті: негізгісі - жилет (күннің суық мезгілінде - пиджак, трикотаж жилет)  Асты: классикалық үлгідегі шалбар (ұзындығы - тобықты жауып тұрады), Қыз балалар үшін: түсі: қою көк. Үсті: негізгісі - жилет (күннің суықты мезгілінде - пиджак, трикотаж жилет), Асты: үлгісі таңдауы бойынша етек (ұзындығы – тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы керек)  

Жилеттің кеуде ойығы кішкентай болуы тиіс.

2.3. Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға және баласының сабақ үлгерімі, тәртібіне бақылауға жасауға; Міндетті түрде ата-аналар жиналысына қатынасуға;

2.4. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой өрісі мен дене үшін қамтуды, имандылық тұрғысынан қамтамасыз етуге;

2.5. Балалары мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда қалпына келтіруге;

2.6. Мектепке баласын орналастыруға келгенде жеке іс қағазымен қамтамасыз етуге;

2.7. Балалардың міндетті түрде Мектеп Жарғысына және қадағалауға және сабаққа баруын қамтамасыз етуге, сабақтан кейін уақытылы оқушыны алып кетуге міндетті

2.8. «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, ішкі тәртіп ережесін сақтауына, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті. 

2.9.  Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.

2.10. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады. Сынып  жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады. 

3.Оқушы міндеті

3.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

3.2. Міндетті түрде Мектеп Жарғысына және ішкі тәртіп ережесіне бағынуға;

3.3. Мектеп жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін  (мектеп формасы) сақтауға міндетті;

А) Ұл балалар үшін: қою көк.  Үсті: негізгісі - жилет (күннің суық мезгілінде - пиджак, трикотаж жилет)  Асты: классикалық үлгідегі шалбар (ұзындығы - тобықты жауып тұрады, қысқа балақ шалбар киюуге тиым салынады);

Ә) Қыз балалар үшін: қою көк.Үсті: негізгісі - жилет (күннің суықты мезгілінде - пиджак, трикотаж жилет), Асты: үлгісі таңдауы бойынша етек (ұзындығы – тізе тұсында және тізеден 5 см-ге дейін жоғары не төмен болмауы керек ). Жилеттің кеуде ойығы кішкентай болуы тиіс.

3.4. Мектеп мүлкін сақтауға және кітапхана қорын ұқыпты пайдалануға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

3.5. Сабақтан себепсіз қалмауға;

3.6. Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтеріне, үйірмелер мен секцияларды таңдауға және қоғамдық жұмыстарға араласуға;

3.7. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

3.8. Өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге және өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін  қорғауға; басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеуге міндетті

3.9. Күзгі және көктемгі мезгілдерде ауыстыратын қосымша аяқ киім әкелуге міндетті;

3.10. Сабаққа кедергі жасайтын және зақым келтіретін түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио,  үшкір заттар, оттық, жарылғыш заттар(пиротехникалық)) әкелуге тыйым салынады.

ҚР, Атырау қ., ықш. Авангард-2, 19А
8 (7122) 20-06-89
Дизайн және әзірлеу
SemStar