№19 Қ.Сәтпаев атындағы
мектеп-гимназия әкімшілгінен
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясындағы тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша 2021, 2022 жылдары жасалған жұмыстар есебі.
Мектеп бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» іске асыру тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмысы ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, осы қағидаларды, жалпы білім беретін мектептің жарғысын, Атырау қаласы полиция басқармасымен біріккен жоспар негізінде және 2021, 2022 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және зорлық зомбылықтың алдын –алу және болдырмау жөніндегі ведомоствоаралық іс шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, оқушыларға құқықтық білім беру, сынып сағаттарын өткізу, арнайы мамандармен кездесу өткізу жұмыстары жүйелі жүргізіледі.
Қазіргі күнге дейін жоспарға сай бірнеше жұмыстар атқарылды. Қыркүйек айында оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталады. Оқушылардың сабаққа қатысы тексеріліп, бақыланып келеді.
Мектеп ата - аналарымен өткізілетін жиналыстарының барлығында оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен тәртібі, отбасындағы тәрбие мәселелері күн тәртібінде қойылған. Директор жанындағы кеңесте, педогогикалық кеңесте құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігі, сабаққа қатыс мәселесі, тәрбие жұмысының есебі тыңдалады.
Сынып жетекшілері тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде өткізуде. Аталған тұжырымдама негізінде сегіз бағыт бойынша және Атырау облыстық Білім беру басқармасы әдістемелік орталығы ұснған жобалар аясында тәрбие жұмысы жүргізіледі. Мектеп бойынша тәрбие бағытында жасалған жұмыстар топтамасын әлеуметтік желіге (фейзбук, инстаграмм) жүктелген арнайы сілтемелерімен жарияланып, көпшілік назарына ұсынылады. Фотосуреттер әлеуметтік желілерде жүктеулі.